Құрметті салық төлеушілер 2024 жылдың 2 тоқсаны мен бірінші жартыжылдығының салық кезеңінің аяқталуына байланысты: Естеріңізге сала кетейік, салық есептілігінің нысандары (ТНК) 200.00, 300.00, 400.00, 570.00, 870.00, 910.00, 913.00 2024 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажет. Сонымен қатар, салық есептілігін электрондық нысанда ұсынған жағдайда оны ұсыну мерзімін ұзарту көзделген. Мерзімді ұзарту үшін тіркеу есебі орны бойынша Мемлекеттік кіріс органына не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) белгіленген нысан бойынша электрондық форматта немесе қағаз жеткізгіште ҚР ҚМ "Салық төлеуші Кабинеті" МКК web-қосымшасы арқылы не портал арқылы хабарлама жіберу қажет "Электрондық үкімет" (egov.kz) мерзім аяқталғанға дейін. Салық есептілігін табыс ету кезеңінде салық төлеуші кабинетінің жүйесі мен байланыс арналарына бұзушылықтар мен ықтимал ең жоғары жүктемені болдырмау үшін салық міндеттемесін алдын ала орындауды ұсынамыз.