
2024 жылдың 24 сәуірінде ZOOM онлайн-платформасында білім басқармасының қызметкерлеріне кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру бойынша семинар өтті.
Іс-шара Жалпыға бірдей декларациялаудың бұқаралық-түсіндіру жұмыстары бойынша Медиа-Жоспар шеңберінде өткізілді.
Онлайн-семинарға мектепке дейінгі, орта, жоғары оқу орындарының өкілдері және басқалар қатысты.
Онлайн-семинар барысында өндірістік емес төлемдер басқармасы басшысының м.а. Гүлсара Кужемратова баяндама жасап, мәліметтерді толық көрсетудің және декларацияларды уақтылы ұсынудың маңыздылығын атап өтті. Семинар жұмысына 74 қатысушы қатысты.