
2026 жылдан бастап БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері салықтан босатылады
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ол бойынша елдің резиденттері үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталмайды.
Не өзгереді:
Зейнетақы төлемдері мен тұрғын үйге және емделуге пайдаланылатын біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) ЖТС-тан босатылады (ҚР резиденттері үшін).
Бұрын есептелген, бірақ әлі ұсталып үлгермеген ЖТС сомалары БЗТ бойынша есептен шығарылады.
01.01.2026 жылға дейін ұсталған салықты қайтару қарастырылмаған.
Ерекшелік: алушы ҚР резиденті болмаса, ЖТС ұсталуы жалғасады.
2026 жылдан бастап өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша салықтық шегерімдер алынып тасталады.
Осылайша, жаңа жылдан бастап БЖЗҚ-дан төленетін барлық зейнетақы төлемдері Қазақстан резиденттері үшін табыс салығынан босатылады.




























