Жарияланған күні: 17.10.2025 15:38
Өзгертілген күні: 17.10.2025 15:39
Назар аударыңыз 
Соңғы уақытта алкоголь өнімдерін сақтау және сату лицензиясын ұзарту мәселесі бойынша алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті, бұл туралы азаматтар мен кәсіпкерлер жиі шағымдануда.
Ескерту!
Лицензияны қайта рәсімдеу, беру немесе тоқтату сияқты барлық рәсімдер тек электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады — www.egov.kz немесе www.elicense.kz.
Барлық құжаттарға тек жеке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.
Салық төлеушілерге қоңырау шалу немесе код талап ету әрекеттерін Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары жүргізбейді!