Жарияланған күні: 12.11.2021 14:29
Өзгертілген күні: 12.11.2021 14:30

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің мәжіліс залында аудан әкімдігі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Азаматтық бақылау-Чекті талап ет" акциясын насихаттайтын тақырып бойынша студенттермен семинар өткізді.

Басқарма басшысы Б.М. Шуинов колледж оқушыларына бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін, БКМ қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау бойынша түсіндірме жүргізді. Барлық қатысушыларға жадынамалар таратылды.

Семинар соңында басқарма басшысы Б.М. Шуинов Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің оқушыларын өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге және "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет" акциясына белсенді қатысуға шақырды.

 

Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы