Жарияланған күні: 04.10.2024 15:09
Өзгертілген күні: 04.10.2024 15:10

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы апта сайын сәрсенбі күні "Ашық есік күнін"өткізеді.
Ең жиі қойылатын сұрақтар: салық режимін өзгерту, жеке кәсіпкерді жабу/ашу, салық есептілігін ұсыну және т. б.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге e salyq Azamat және e Salyq Bussines мобильді қосымшалары, қолданыстағы "Чекті талап ет-жүлдені ұтып ал" акциясы және т.б. туралы айтылды.
Қызметкерлер салық төлеушілердің сұрақтарына жауап береді және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ салық және кеден заңнамасына қатысты сұрақтарға жауап іздеу үшін "SalyqBot" бот жеделхаттарының қызметтерін пайдалануды ұсынады.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.