“Атамекен” ҰКП алаңындағы ашық есік күні.
2024 жылғы 17 шілдеде “Атамекен” ӨКП алаңында Қостанай қаласы бойынша МКБ-ның бас мамандары: Алпысбаева Мерей және Гафурова Румия ашық есік күнің өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты-салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру,мемлекеттік бажды қолдану, төлеу,туралы айтылды.
Салықты төлеу мерзімдері, жеке тұлғалардың мүлкіне, көлік құралдарына, және салық есептілігін ұсыну мерзімдері, сондай-ақ ұсыну тәсілдері e-salyq azamat мобильді қосымшалары арқылы декларацияларды тапсыру бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Семинар барысында жалпыға бірдей декларациялауды толтыру бойынша практикалық көмек көрсетілді және салық төлеушілерге жадынамалар табысталды. Салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандарымыз жауап берді.