Жарияланған күні: 16.06.2023 18:37
Өзгертілген күні: 16.06.2023 18:39

2023 жылдың 15 маусымда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлеріне арналған «Атамекен» ӨКП алаңында ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, арнайы салық режимдері туралы, қызмет және есеп жүргізу бойынша, Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының банкроттығы, мобильді қосымшаларды қолдану және басқа да өзекті тақырыптар туралы жаңадан бастаған кәсіпкерлерге түсіндіру болып табылады.

Іс-шараға қатысушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар берілді, сондай-ақ жадынамалар табысталды.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы