Жарияланған күні: 01.07.2023 09:03
Өзгертілген күні: 01.07.2023 09:04

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Атамекен" ӨКП алаңында салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинар өткізді.

29.06.2023 жылы Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап салық заңнамасының өзгерістеріне шолу" тақырыбында кезекті семинар өткізді.

Спикерлер пилоттық жобалар: 301.00 СЕН қолдана отырып ҚҚС әкімшілендіру, электрондық сауда, сондай-ақ курьерлер мен таксистерге арналған талқылауда тұрған пилоттық жобалар және т. б. туралы айтты.

Бұдан басқа, қаржы ұйымдары ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін 019 СЕН ұсыну қажеттігін еске салды.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.