Жарияланған күні: 29.11.2024 17:50
Өзгертілген күні: 29.11.2024 17:50

«Есту мемлекеті» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2024 жылдың 29 қараша айында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл А.М. Журсиналин азаматтарды кеңес күнін онлайн форматында өткізді.

Әдеп жөніндегі уәкіл салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Салық және кеден салаларындағы заңнамасының талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетті.