Жарияланған күні: 28.02.2022 09:46
Өзгертілген күні: 28.02.2022 09:51

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің «БР Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 482 қаулысын өзгерту туралы» 06.01.2022 жылы № 11 қаулысы қабылданғанын хабарлайды.

Көрсетілген қаулымен Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 482 қаулысына сәйкес Беларусь Республикасынан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салынған ауыл шаруашылығы тауарларының (дәнді дақылдардың) тізбесі кеңейтілді.

Тауарларды әкетуге уақытша тыйым салудың қолданылу мерзімі өзгерген жоқ.

Қосымша: Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 06.01. 2022 ж. № 11 Қаулысы.

 

                                                       Кедендік бақылау басқармасы