Біріктірілген кодексін әзірлеуге қатысты
СЭҚ және салық төлеушелермен кезекті кездесу өтті
2016 жылғы 14 сәуірда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірлесіп 2016 жылғы 25 ақпанда Департаментінің басшы бекітілген кесте бойынша, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және жалпылау үшін, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, салық төлеушілермен, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен және де басқа да мүдделі тұлғалармен бірінші кездесу өткізді.
Еске салар болсақ, қазіргі уақытта салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары үшін оңайлату мақсатында біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеуде.
Осы мақсатта, Кодексті әзірлеу процесіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, салық төлеушілердің, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және де басқа да мүдделі тұлғалардың белсенді қатысушыларының арқасында жету мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында алым, қарау, талдау және ұсыныстарды талқылау үшін тематикаға бөлінген форум ашық.
Кездесуде келесі сұрақтар қарастырылды:
· Бірлескен салық төлеуші қызметі;
· Сенімгерлік басқару кезіндегі салық төлеуші (баяндаушы түсіндіру жұмыс басқармасы бас маманы Б.У.Ерменов).
Келесі кездесу Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, кесте бойынша 2016 жылғы 21 сәуірде сағат 11.00-де Мауленов көшесі, 21 мекен жайы бойынша өткізіледі.
Департаменттің баспасөз қызметі