Жарияланған күні: 12.07.2022 14:51
Өзгертілген күні: 12.07.2022 14:55

2019 жылдан бастап Қазақстанда Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді, ол салық органдарында формальді емес жұмыспен қамтылғандар қызметін оңайлатылған тәртібін көздейді.

БЖТ төрт міндетті төлемді біріктіреді:

-10% - жеке табыс салығы;

-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;

-30 % - Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы;

-40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

Төлеушінің төлеуге жататын БЖТ мөлшері:

-Республикалық маңызы бар қалаларда, елордада және облыстық маңызы бар қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде белгіленген;

-АЕК 0,5 еселенген мөлшері – басқа елді мекендерде.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

Дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, жеке қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

БЖТ төлеушінің кіріс мөлшері күнтiзбелiк жыл үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.

Мыналар бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер ретінде танылмайды:

1) коммерциялық жылжымайтын мүлiк объектiлерiнің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның iшiнде меншік, жалдау, пайдалану, сенiмгерлiк басқару құқығындағы объектілердің аумағында осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;

2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беретін адамдар;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.

Жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді төлеу жүргізілген күннен бастап мұндай төлемді төлеу жүргізілген айдың соңғы күніне дейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер деп танылады.

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.