Жарияланған күні: 29.05.2024 17:52
Өзгертілген күні: 29.05.2024 17:53

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша "бизнес-тренинг" конференциясына қатысты.
Конференцияны Қостанай қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен "Эксперт" компаниясының тобы және "Элиф" бизнес қоғамдастығы "Қостанай плаза" СОО өткізді.
Тренинг барысында МКБ мамандары 250.00 нысанды (активтер мен міндеттемелер туралы декларация) және 270.00 нысанды (жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларация) декларацияларды ұсынуда практикалық көмек көрсетті.
Сондай-ақ, мамандар бизнес өкілдерінің туындаған сұрақтарына жауап берді.

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы