
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылдан бастап БКМ чегінде келесі деректемерелер болуы тиіс екеннін хабарлайды:
1) салық төлеушінің атауы;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірі;
4) салық органындағы БКМ тіркеу нөмірі;
5) чектің реттік нөмірі;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасы;
8) фискалдық белгі;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауы және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелері;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы;
13) егер салық төлеуші ҚҚС төлеуші болып табылған жағдайда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың қосылған құн салығы салынатын айналымдары бойынша ставканы көрсете отырып, ҚҚС сомасын;
14) БКМ пайдалану орнының мекенжайы;
15) БКМ чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих код.
⠀
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) және 15) тармақшаларының ережелері деректерді беру функциясы жоқ машиналардың БКМ чектеріне қолданылмайды.
Сатып алушының ЖСН/БСН-мен БКМ чегі болған кезде шығыстар ЭШФ-сыз КТС шегерімдеріне жатқызылады.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы