Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер облысының 2016 жылғы 9 ай ішіндегі қызметі туралы брифинг
2016 жылғы 20 қазанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылғы 9 ай ішіндегі қызметі туралы брифинг өтті.
Департаментттің басшысы А.М. Паяев Департамент туралы, үш қызметті бірыңғай мемлекеттік органға біріктіру «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасының Жолдауында салықтық және кедендік әкімшілендіруді ырықтандыру және жүйелендіру бойынша міндет ретінде белгіленгенін айтып өтті. Бұл бизнес үшін кедергілерді азайту және кірістерді әкімшілендіруді сапасын жақсарту жаңа кешенді бағыт жолында жөнелтім нүктесі болды. Қойылған міндеттерден және мақсаттардан, өз дамуының векторы ретінде клиентке бағытталу және салықтарды төлеудің қарапайым және жеңіл жағдайларын құруды таңдады.
2016 жылғы 9 ай ішіндегі жұмыстың қорытындылары бойынша Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспарын 128,4% орындады. 73,9 млрд теңге жоспары кезінде 21 млрд теңге асыра орындаумен іс жүзінде 95 млрд теңге түсті. Өткен жылдың осыған ұқсас мерзімімен салыстырғанда түсімдер динамикасы +22,6 млрд теңгені немесе 131,1% құрады.
Еріктілікті төлемнің коэффициенті 93% құрады, яғни өндіріп алусыз және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданусыз.
Бұл кезекті түрде, мемлекеттік кірістер органдары өз жұмысында нарықтың қатысушыларын бәсекелестікке ынталандыратын, салықтан жалтару тәсілдерінсіз бағыттарды қолданатынын растайды.
Департаменттің Экономикалық тергеулер қызметі жұмысының нәтижелері бойынша жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 69 іс тіркелді, 111 қылмысқа 13 қылмыстық істің өндіріс тоқтатылды және сотқа жолданды. Бүгінгі күнге олар бойынша заңды күшіне енген соттың үкімдері бар.
Мемлекеттің бюджетіне белгіленген 1,5 млрд. теңгеден астам зазалдан контагенттер өз еркімен 959 млн. теңгені өтеді, 689 млн. теңгеден астам сомаға мүлікке және ақша қаражатына тыйм салынды.
Қылмыстық істер бойынша жалған кәсіпкерлердің контрагенттерімен профилакатикалық әңгімелесілерді жүргізу барысында өз еркімен 75 млн.тг. астам өтелді.
Сонымен қатар спикер мүлікті заңдарстыру бойынша статистикаға тоқталды. Акция басталғаннан бері мүлікті заңдастыру бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 8 073 359 мың теңге сомасына мүлікті жария ету бойынша 357 декларация ұсынылды, соның ішінде:
- ҚР аумағындағынан тыс жылжымайтын мүлік объектісін жария ету бойынша 64 697 теңге сомаға 23 декларация;
- ҚР аумағындағындағы жылжымайтын мүлік объектісін жария ету бойынша 1 592 650 теңге сомасына 124 декларация;
- ҚР аумағындағы ЕДБ арнайы есеп шотына енгізілген 6 398 714 мың теңге сомасына ақшалай қаражатты жария ету бойынша 172 декларация;
- 2 949 мың теңге сомасына қолма қол ақшалай қаражатты жария ету бойынша 23 декларация;
- 13 630 мың теңге сомасына ЗТ-ға қатысу үлесін жария ету бойынша 17 декларация;
- ҚР аумағынан тысқары жерде 20 мың теңге сомасына бағалы қағаздарды жария ету бойынша 1 декларация (150 203 акция жария етілді);
- ҚР аумағынан тысқары жерде есеп айырысу шотында орналасқан 699 мың теңге сомасына ақшалай қаражатты жария ету бойынша 1 декларация.
Мүлікті жария ету үшін 6836.6 мың теңге сомасында алым төленді.
Сондай-ақ басшы А.М. Паяев шетелдік қаржыландыру мониторингі мәселелері бойынша салық заңнамасындағы өзгерістер туралы және «Түбіртекті талап ет – сыйлық ұтып ал» акциясы туралы айтты, брифингке қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Брифингке «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының, «Наш Костанай», «Наша газета», «Қостанай таңы» газеттерінің және «Қазақстан» республикалық радиосының өкілдері қатысты.
Департаменттің баспасөз қызметі