Жарияланған күні: 27.11.2025 09:23
Өзгертілген күні: 27.11.2025 09:23

Құрметті бухгалтерлер!

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бухгалтер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін маңызды тірек.

Есеп пен тәртіп, нақтылық пен жауапкершілік – сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің басты қағидалары.

Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, мол жетістіктер және жаңа биіктерге жетуді тілейміз!

Есеп-қисаптарыңыз әрдайым дәл, табыстарыңыз тұрақты болсын!

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

#БухгалтерКүні #ҚостанайДГД #Мемкірістердепартаменті #Құттықтау #Бухгалтерлер