
2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Сargoruqsat» электрондық кезек жүйесі қолданылады.
Қазіргі уақытта «Cargoruqsat» 20 өткізу пункттерінде («Бидайық», «Қызыл Жар», «Қарақоға» – СҚО, «Қарашатау», «Әлімбет» – Ақтөбе обл., «Жезкент», «Қоянбай», «Байтанат» – Абай обл., «Убе» – ШҚО, «Ақсай», «Жаңыбек», «Орда», «Шаған» – БҚО, «Обаған», «Ақбалшық», «Желқуар», «Аят» – Қостанай обл., «Найза», «Амангелді», «Шарбақты», «Урлютөбе» – Павлодар обл.) жұмыс істейді.
«CarGoRuqsat» шекарадан өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға мүмкіндік береді, оның өтуінің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуын болдырмайды.
Бұдан басқа, «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға, адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ тасымалдаушылардың айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндігі бар.
Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.
Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/start сілтеме бойынша өтіп, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркеліп және кіріп, өткізу пунктін тандап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы мәліметтерді толтыру керек. Сондай-ақ, көлік құралдарына халқаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат карталары қажет екенін атап өткен жөн.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтында келу қажет.
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа негізінде іске асырылды.
«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.