Жарияланған күні: 29.07.2024 17:02
Өзгертілген күні: 29.07.2024 17:03

31.07.2024 жылдан бастап «Желқуар», «Ақбалшық» және 09.09.2024 жылдан бастап «Аят» автомобиль өткізу пунктінде (Қостанай облысы) «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін енгізу жоспарлануда.

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлайтын тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/start сілтеме бойынша өтіп, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркеліп және кіріп, өткізу пунктін тандап, шекарадан өту күні мен уақытын көрсетіп, жүргізуші мен автокөлік туралы мәліметтерді толтыру керек.

Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтында келу қажет.

Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа негізінде іске асырылды.

«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.