
10.11.2021 жылы Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасының Денисов филиалымен бірлесіп келесі мәселелер бойынша семинар өткізді:
1. БКМ қолдану және бақылау – касса машинасының чегі мазмұнының міндетті деректемелерінің талаптары.
2. Азаматтық бақылау - "Чекті талап ет".
3. Үш компонентті интеграцияланған жүйені енгізу.
4. Қоғам үшін YIS мүмкіндіктері мен ыңғайлылығы.
5. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін ұзарту.
Семинарға қатысқандары:
Қостанай облысының "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы Денисов ауданындағы филиалының директоры Е.А. Киселев, "Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ басшысы А. К. Әлмағамбетов, "Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы" РММ бас маманы А. Д. Кульмухамедова, үш компонентті интеграцияланған жүйені орнату бойынша облыс ұйымының өкілдері, "Nur Otan" партиясы Денисов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары В. В. Шерер, БАҚ өкілдері, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері қатысты.
