Жарияланған күні: 30.11.2022 15:15
Өзгертілген күні: 30.11.2022 15:18

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарын еске салды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл А.М. Журсиналинмен Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметкерлеріне  кеңес өткізілді.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң мемлекеттік қызметшілерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақылар, сыйлықтар немесе қызметтер алуға тыйым салатынын еске салды.

Сондай-ақ, қызметтік қатынастардағы қолданыстағы мінез-құлық стандарттарына және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына назар аударды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің әдеп мәселелері бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қостанай қ., Майлин к-сі, 2а, 207 каб. телефон 53-62-00.