20.10.16 «Дөңгелек үстел»
2016 жылғы 20 қазанда «Қостанай-КРО» кеден бекеті «Астықты жөнелту кезіндегі мерзімдік декларациялаудың артықшылығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Мұнда астықты экспорттау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды, сондай-ақ қатысушылардың назарына Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде бір ТД бойынша астықтың нақты көлемін өткізу мүмкіндігін көздейтін және бизнес үшін уақыт және қаржы шығындарын қысқартатын мерзімдік декларациялаудың артықшылығы жеткізілді.