
Бірыңғай тәртіп бұрын ресімделген тауарларға қорытынды декларация беру кезінде қолданылатын болады.
Тәртіп кеден органдары мен бизнестің Тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезінде құжаттар мен мәліметтерге тексеру жүргізу кезіндегі, яғни шығару тауарларға декларация берілгенге дейін жүзеге асырылатын, ал декларация іс жүзінде тауарлар шығарылғаннан кейін (келесі айдың 10 немесе 15-күніне дейін) берілетін жағдайларда іс-қимылдарының нақты алгоритмін айқындайды.
Қабылданған шешім бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз етуге, Тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезінде болжамдылық пен айқындылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Тауарларға декларация берілгенге дейін шығаруды уәкілетті экономикалық операторлар және тауарлардың жекелеген санаттары үшін қолданады.