
Қазақстанда жыл сайын 21 маусымда - Кинолог күні мерекесі аталып өтеді.
Кинолог күні – бұл маңызды мамандық өкілдерінің бірлестігі үшін құрылған, сондай-ақ ТМД-нің басқа да елдерінде: Ресейде, Белоруссияда, Украинада аталып өтіледі. Кинолог - монотонды, күнделікті және қауіпті жұмыс. Алайда, кинология қызметі елге өте маңызды.
Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінде жалғыз кинолог, аса маңызды істер бойынша бас маман - аға офицер Ермек Бекмұхамбетов қызмет атқарады.
2011 жылы Кедендік бақылау комитетінің кинология орталығының шешімімен Қостанай облысындағы Кедендік бақылау департаментінің есірткі айналымына қарсы күрес бөліміне Бельгиялық овчарка иті (Малиноис) Феникс жіберілді, қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық теугеу қызметінде қызмет атқарады. Қазіргі уақытта аға офицері-кинолог Ермек Бекмухамбетов Феникс қызметтік-іздестіру итін пайдаланып:
- «Тәуекелдерді басқару жүйесіне» сәйкес кедендік бақылау- «Тәуекелдерді басқару жүйесі»жүйесі» сәйкес кедендік бақылауды күшейту, «Қостанай-КРО» кедендік бекетінде кедендік тазартудан өтетін тауарларды тексеру атап айтқанда тауарларды қайта санау, өлшеу және тексеру;
- «Астана-Қостанай-Ганновер», «Шарм-эль-Шейх-Қостанай-Шарм-Эль-Шейх», «Анталья-Қостанай-Анталья» халықаралық рейстерінің жолаушыларының багаж және қол жүгін тексеру;
- «Қазпочта» АҚ Қостанай облыстық филиалының пошта бөлімшесінің сұрыптау және тасымалдау бөлімінде халықаралық поштаны тексеруді жүзеге асырады.
Ермек Феникспен бірге жыл сайын Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығының базасында бір айлық біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Онда оку қорытындысы бойынша кинолог итті оқыту теориясы бойынша емтихан тапсырады, иттерді пайдалану әдістері мен тактикасын және Феникспен бірге нақтыға жақын жағдайларда есірткі табу бойынша практикалық емтихан тапсырады (бөлмеде, автомобильдердің әртүрлі түрлері мен темір жол көліктерінде багажды іздеу). Емтиханды жақсы тапсырған офицерлерге курстардың сәтті аяқталуы туралы сертификат беріледі.
Аталмыш кинология орталығы валютаның, жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды ,туындылар (Қызыл кітаптың ақбөкені мүйізі) іздестіру бағдарламасы бойынша иттерді дайындайды. Сонымен қатар, кинологиялық орталық Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің кинологиялық қызметкерлерінің жұмысын үйлестіретін орталық болып табылады. Мұнда қызметтік иттерді дайындау мен қолданудың озық тәжірибесі енгізіліп, жетілдірілуде. Бүгінгі күні Кинологиялық орталық көптеген ТМД және шет елдердің кинологиялық орталықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Олар сондай-ақ Қостанай облысының абыройын қорғайтын Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық бөлімшелерінің кинологтары арасында жыл сайынғы республикалық жарыстарға қатысады. Осы жарыстарда еліміздің үздік кинологтары өздерінің иттерімен бірге «Есірткі заттарын іздестіру» бағдарламасы бойынша бәсекелесетін Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Кубогына күреседі.
Байқау бес кезеңнен тұрады: кинологтар төрт аяқты жануарларының көмегімен үй-жайларда, жүк көліктерінде, автобустарда және багажда, сондай-ақ жалпы тыңдау кезеңінде есірткі заттарын алмастырушыларды табу керек. Республикалық жарыстардың жеңімпазы ТМД елдерінің кеден қызметтерінің кинолог мамандары арасындағы жарыстарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету құқығын алады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің офицерлері-кинологтары ТМД елдерінің Кеден қызметтерінің мамандары арасында өткен жарыстарда жеке және командалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жатқанын атап өту керек.
Өткен жылы жарыстың қорытындысы бойынша Ермек пен Феникс жүлделі үштіктен бір ғана ұпаймен қалыс қалып, төртінші орынға ие болды және «Жеңіске деген ерік үшін» құрмет грамотасымен марапатталды. Мұндай жарыстар елдегі ең үздік ит иелерін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ кеден шекарасы арқылы тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен заңсыз айқындау және жолын кесу үшін қызметтік иттерді дайындауға және пайдалануға қатысты әдістер мен баға жетпес тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын Ермек өзінің Феникс қызметтік итімен, Рудный қаласындағы ЛОВД-мен бірлескен іздестіруге де қатысқан болатын, онда пәтердің ішіндегі «Киндер Сюрприз» пластикалық құты, оның ішінде салмағы 0,27 гр. «героин» есірткі заты табылған, сонымен қатар, «Убаган-авто» кешенінің шекаралас аймағында жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Феникс Қырғызстан Республикасы азаматының оң аяғындағы шұлығы ішінен жалпы салмағы 17,88 гр. болатын кептірілген «марихуана» есірткі затын тапты.