
Жаңа кедендік реттеу ЕАЭО елдерінен тыс шетелдік интернет-алаңдардан, яғни Қытай, АҚШ немесе Еуропа елдерінен сатып алынған тауарларға ғана қатысты болады.
Жаңа ережелер ЕАЭО елдерінің интернет-алаңдарында жасалатын сатып алуларға (мысалы, Wildberries, Ozon және басқа да платформалар) қолданылмайды.
Қазіргі уақытта жеке тұлғалар шетелдік интернет-дүкендерден сатып алып жүрген тауарлар халықаралық пошталық жөнелтілімдер арқылы немесе тасымалдаушылармен жеткізілетін жеке пайдалану тауарлары санатынан «электрондық сауда тауарлары» санатына ауыстырылады.
Электрондық сауда тауарлары үшін 200 еуро көлеміндегі бажсыз әкелу шегі сақталады. Яғни, егер сатып алынған тауардың құны 200 еуродан аспаса, жеке тұлғалар кедендік баж және салық төлемейді.
Егер тауардың құны 200 еуродан асатын болса, сатып алушылар «электрондық сауда тауарларына арналған кедендік баж» төлейді, оның мөлшері тауардың құнының 5%-ын құрайды. Сондай-ақ ҚҚС (Қосылған құн салығы) да төленеді.
Қазіргі уақытта жеке пайдалану тауарларын сатып алуда 200 еуролық шектен асқан жағдайда баж мөлшері асып кеткен сомадан 15% көлемінде алынады, бірақ ең кемі артық салмақтың әрбір килограмына 2 еуродан кем болмауы тиіс. Яғни, мұндай тауарларға қазіргі кезде әрі құндық (200 еуро), әрі салмақтық (31 кг) бажсыз әкелу шегі қолданылады.




























