
Қазақстан Республикасының аумағында электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда іске асырылады.
Пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады.
Пилоттық жобаға қатысу үшін сатушы алынған кірістер сомасы бөлігінде салық құпиясын ашуға келісімі көрсетілген жобаға қатысу туралы өтініш беруге тиіс.
Пилоттық жобаға қатысушы сатушының салық төлеуі Мемлекеттік кірістер комитетінің пуш-хабарламасы негізінде жүргізілетін болады.
Пилоттық жобаға қатысудың басталу күні Өтініш берілген айдың 1-күні болып табылады.
Пилоттық жобаның қағидалары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 725 бұйрығымен бекітілген.