Электрондық шот-фактура
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына хабарлайды: салық төлеуші, егер ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына тауарларды әкелудің және айналымның кейбір мәселелері туралы хаттаманың (бұдан әрі – Хаттама) іске асырылуына қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделсе, ЭШФ жазып беруін.
Салық кодексінің 256, 263 және 264-баптарында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте жүзеге асырадысалық кодексінің 256, 263 және 264-баптарымен белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркелген ЭШФ қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз тасымалдағышында да, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ-ге қатысушыға мынадай мәртебе беріледі:
1) жеке тұлға;
2) дара кәсіпкер;
3) заңды тұлға.
Жеке тұлға - ЭШФ АЖ-ге өзге де қатысушы мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ-не басқа қатысушы заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің уәкілетті тұлғасы болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып беруге құқығы жоқ.
Әрбір мәртебе бойынша тіркеу бөлек ЭШФ АЖ-ны пайдалану туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қол қою негізінде жүргізіледі.
ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісім салық төлеушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады. ЭШФ АЖ-ға қатысушыны авторландыру және ЭШФ АЖ-де электрондық құжаттарды куәландыру үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың (бұдан әрі - ҰКО) электрондық нысандағы тіркеу куәлігі қолданылады.
Заңды тұлға, оның ішінде осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі электрондық нысанда жасалатын Заңды тұлға, оның ішінде осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі электрондық нысанда жасалатын уәкілетті адамға осындай заңды тұлғаның атынан ЭШФ АЖ-де операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды, осындай құқықтардың қолданылу мерзімін көрсете отырып береді. Заңды тұлғаның басшысы уәкілетті тұлғаға берілген құқықтарды түзете алады не оны осы құқықтардан айыра алады. Заңды тұлғаның басшысы ЭШФ АЖ жүйесінде уәкілетті адамдардың және заңды тұлға атынан оларға іс-әрекетті орындауға берілген құқықтар тізбесінің өзектілігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.