
Есептілікті ұсыну және бірқатар салықтарды төлеу мерзімі 21 қарашада аяқталады
21 қарашадан кешіктірмей ұсыну қажет:
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы 2022 жылғы қазан айындағы өтініш (ф. 328.00);
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдерінің сомаларын есептеу (егер уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалса немесе 2022 жылғы қазанда қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алынса) (851.00-нысан);
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация (2022 жылғы қазанда рұқсат беру құжатын алған кезде төлем көлемі 100 АЕК-ке дейінгі I және II санаттағы объектілердің операторлары үшін) (870.00-нысан).
Сондай ақ бюджетке төлеу қажет:
2022 жылғы қазан айындағы ЕАЭО - дағы ҚҚС және акциз;
I және II санаттағы объектілер операторларының төлем көлемі бойынша 100 АЕК дейінгі нормативті сатып алғаны үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы.