Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің жобасы шеңберінде жаңашылдықтар
2016 жылғы 11 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінің қызметкерлері Қостанай облысының кәсіпкер палатасының, мемлекеттік бақылау органдарының, СЭҚ қатысушылардың, кеден өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының назарына «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің жобасы шеңберінде жаңашылдықтар» және «Кедендік декларациялау кезеңінен пост-кедендік бақылау кезеңіне бизнес-процесстерді модернизациялау бойынша концептуалды ұсыныстар» жобалары жеткізілді.
Сондай-ақ, «дөңгелек үстел» қатысушыларына «Кедендік ресімдеу орталықтарында және Халықаралық көлік – логистикалық орталықтарында тауарларды кедендік декларациялау, кедендік тазарту және шығарумен байланысты кедендік операцияларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының қолданысқа енгізілуі туралы ақпарат жеткізілді.
Аталмыш шаралар, Департамент қызметкерлері кедендік тазарту рәсімінің айтарлықтай жеңілдетілуіне және кедендік ресімдеуінің тездетілуіне бағытталғанын, жалпы СЭҚ қатысушыларымен өзара қарым-қатынасқа оңтайлы әсер ететінін хабарлады.





























