Фото сайысының қорытындысы
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын орындау және оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау мақсатында фото сайыс өткізді.
Сайысқа қатысу үшін 7 номинация бойынша А3 форматында 90 фотосурет ұсынылды.
Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін эксперт ретінде А.Н.Никифоров атындағы Көркемдік мектебінің бейнелеу өнерінің оқытушысы А.Ю. Рерих шақырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша 7 номинация бойынша келесі басқармалар жеңіске жетті:
-
«Менің Қазақстаным» номинациясы бойынша 7 үміткердің ішінен «Қостанай – ҚРО» кеден бекетінің фото суреті таңдап алынды;
-
«Біздің мамандығымыз» номинациясы бойынша 5 үміткердің ішінен Түсіндіру жұмысы басқармасынының фото суреті таңдап алынды.
-
«Менің ұжымым» номинация бойынша 18 үміткерлер арасынан Борыштармен жұмыс басқармасының фото суреті таңдап алынды.
-
«Менің қалам (кентім)» номинация бойынша 19 үмінкерлер арасынан Қостанай қаласы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.
-
«Туған өлкемнің пейзажы» номинациясы бойынша 15 үміткерлер арасынан Меңдіқара ауданы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.
-
«Портрет» номинациясы бойынша 9 үміткерлер арасынан Ұйымдастыру-қаржы басқармасының фотосуреті таңдап алынды.
-
«Менің отбасым, өмір деген осы» номинациясы бойынша 13 үміткерлердің ішінен Таран ауданы бойынша МКБ фото суреті таңдап алынды.
Сондай-ақ экспертпен «Менің Қазақстаным» номинациясы бойынша Адам ресурстары басқармасының және Кедендік бақылау басқармасының және «Біздің мамандығымыз» номенациясы бойынша «Қостанай-ҚРО» кеден бекетінің жақсы фотолары белгіленді.
Жеңімпаздар желтоқсанда қорытындылаушы гала-концертте марапатталады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысқандары үшін барлығына алғыс айтамыз!
Департаменттің баспасөз қызметі