
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Тахир Сабиржанұлы Губайдулин 2024 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Федоров ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Губайдулин Тахир Сабиржанұлы, 1985 жылы 09 ақпанда Торғай облысының Арқалық ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2012 жылдың маусым айында Ұзынкөл ауданы бойынша салық басқармасының салық аудитінің жетекші маманы болып бастады.
Кейіннен мемлекеттік кірістер органдарының түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап аудандық басқармалардың орынбасарлары мен басшылары лауазымдарын атқарды.
Соңғы жұмыс орны-Сарыкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы
Жалпы еңбек өтілі-18 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі-16 жыл