
Темекі өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын айналысқа қатысушыларды тарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу шеңберінде, сондай–ақ қолданыстағы заңнаманың сақталуы бойынша Тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қатысуымен темекі өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізушілер үшін республика бойынша көшпелі семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
Көшпелі семинарлар аясында мынадай мәселелерді қамту көзделіп отыр:
1.Таңбаланған тауармен кім және қалай жұмыс істеуге міндетті-таңбалау Ережелерін түсіндіру.
2. ИС ТТҚ АЖ қалай жұмыс істеуге болады– функционалын түсіндіру, роликтер көрсету.
3. Мобильді қосымшамен қалай жұмыс істеуге болады.
4. Сұрақ – жауап.
Кестеге сәйкес Қостанай қаласында семинарды 15.09.2022 жылы сағат 14.00 – 17.00 аралығында өткізу жоспарлануда. Өткізу орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Семинарлар Бірыңғай оператордың менеджерлері және техникалық мамандарымен өткізіледі, семинарлар барысында бейнероликтер көрсетіледі, жүйеде жұмыс көрсетіледі, семинарға қатысушыларға ақпараттық жүйеде тіркелуге жәрдем көрсетіледі.