
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық
төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 740 бұйрығын
ұсынады «Арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің
атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына,
коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы»
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын
мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-
тармағының 1-1) және 8-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі
кезеңде:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы
қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі
үшін 1 980 теңге мөлшерінде;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде ең төменгі
бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
2. 2023 жылғы 1 қазаннан бастап:
1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы
қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына бір литрі
үшін 2 100 теңге мөлшерінде;
2) коньяк пен брендиге бір литрі үшін 3 110 теңге мөлшерінде ең төменгі
бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.