Қағидалар әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 08.02.2016 жылғы №588 бұйрығымен бекітілген, қара металл сынықтарының және қалдықтарының әкетілуіне тыйым салынуына байланысты, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО қатысушы елдер аумағына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнайы техниканы, дөңгелек жұптарын әкетуге қатысты салық төлеушілерден сұрақтар келіп жатқанын хабарлайды.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 14-бабының 1-тармағының 8)тармақшасына және 276-4-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығымен бекітілген Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды салық органдарына ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әзірленді.
Қағидалар әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін белгілейді:
- әкелінген тауарлардың өзіндік қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
- әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде тәртібін реттейді;
- оларды бір заңды тұлға шегінде табыс етуге байланысты кезінде тәртібін реттейді.
Қостанай қаласы бойынша МКБ




























