Жарияланған күні: 05.10.2016 19:17
Өзгертілген күні: 05.10.2016 19:20

«Қасақана» борышкерлердің мүліктеріне тыйым салынды

Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық бойынша қарыздарын ондіріп алу жөнінде сот шешімін орындау мақсатында апта сайын мүлікке және ақшалай қаражатқа тыйым салу үшін борышкерлерді айқындау бойынша рейдтік іс-шараларын өткізуде.

Мәселен, рейдтік іс-шаралардың барысында 147,8 мың теңге көлемде қарызы бар салық төлеуші С.А. Постоногованың «ЛИАЗ» маркалы автобусына тыйым салынды.

2016 жылғы 16 тамызда 54,8 мың теңге колемде қарызы бар салық төлеуші С.А.Таракановтың «ФОРД» маркалы шағын автобус автоколік құралына тыйым салынды.

2016 жылғы 25 тамызда 43,7 мың теңге сомасында қарызы бар салық төлеуші О.В. Васяковтың «Ауди» маркалы көлік құралына тыйым салынды, қарызы келесі күні төленді.

2016 жылғы 2 қыркүйекте 30,1 мың теңге көлемінде қарызы бар ЖК болып табылатын салық төлеуші О.А. Виндерголлердің кассасынан 15 мың теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді, ақшалай қаражат қарызды жабу үшін бюджетке аударылды.  

Аталмыш іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

 

 

 

 

Рудный қ-сы бойынша МКБ

 

УГД по г. Рудный