Жарияланған күні: 27.06.2016 18:47
Өзгертілген күні: 27.06.2016 18:51

 

1960 жылы Қостанай қаласында сәбилер үйі ашылды, 1997 жылдан бастап «Дельфин» Қостанай балалар үйі» КМК деп аталады, онда жаңа туған сәбилерден бастап 3 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Бас дәрігер Гүлнәр Лентайқызы Бекбосынованың  айтуынша, «балалар үйі толығымен мемлекеттік қамсыздандыруда болғанымен, балалардың үй күтіміндегідей болуына демеушілер көп қол ұшын созады». Балалар үйінің қызметкерлері, өз аналарындай, сәбилерге махаббатын, жылулығын арнайды,  оларға кәсіби күтім жасап, сауықтандыру, тамақтандыру, бағумен айналысады.  Балалардың ешқайсысы күтімсіз емес,  әрқайсысының өз «анасы» бар.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Қостанай» кеден бекетінің қызметкерлері де қолдау көрсетуге ат салысты, балалар үйіне киім-кешек табыстады.

Балалар үйінің сәбилері өз үйлеріне оралып, сүйікті ата-аналарымен қауышса деген үміт зор, өз кезегінде бас дәрігер Г.Бекбосынова көрсетілген қолдауға алғыс айтты және кеден бекетінің қызметкерлеріне еңбекте табыстар тіледі, «қиын өмірлік жағдайға душар болған балалар үшін жүрегі сыздайтын біздің қызметкерлердей қайырымды адамдар көп болса екен» деген тілегін білдірді.

Суретте:   «Дельфин» Қостанай балалар үйі»

КМК бас дәрігері Г.Л.Бекбосынова,

«Әуежай-Қостанай» кеден бекетінің                                                

қызметкерлері С.Құрманов және Г.Жиронкина

 

«Әуежай-Қостанай» кеден бекеті