Жарияланған күні: 07.12.2021 10:07
Өзгертілген күні: 07.12.2021 10:09

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі.

 

Осы кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әрекет етеді.

 

63-бап. Жолданымға қойылатын жалпы талаптар

      1. Ауызша нысанда берілген жолданымды әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.

      2. Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

      2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

      3) жолданымның мәні;

      4) жолданымның берілген күні;

      5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.