Жарияланған күні: 04.04.2016 09:55
Өзгертілген күні: 04.04.2016 09:56

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне  арнаулы салық режимдерін  қолдану бөлігіне еңгізілген өзгерістер

 

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіреді:

2016 жылдың 1 қантарынаң  Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне  салық төлеушілердің  бөлек санаттарының салық салу тәртібі және арнаулы салық режимдерін  қолдану бөлігіне өзгерістер еңгізілді.

428 бабының жаңа еңгізуі бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын салық төлеушілер үшін ұсынады:

1) 2016 жылдан бастап - мұндай табыстарды алатын заң тұлғаларға шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдануы. Бұл ретте мұндай салық төлеушілер аталған режимді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға құқылы (Салық салу бойынша Заңның 11-бабы);

2) 2016 жылдан бастап - шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданған кезінде салық төлеушілердің табысына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарды енгізу (СК-нің 427-бабы).

2016 жылдан бастап - патент және оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің табыстарының мөлшерлерінайқындау тәртібі нақтыланған, сондай-ақ есептеу, тиісті салықтарды төлеу және олардың салық есептiлiгiн тапсыру(СК-нің 427-бабы).

Одан басқа, 2017 жылдан бастап ШБС үшін АСР қолданатын салық төлеушілер үшін төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарын төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру қажетігінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізілетін норма енгізіледі, яғни оларды ай сайын төлеу және олар бойынша тоқсан сайын салық есептiлiгiн тапсырумен (СК-нің 427, 438-баптары).

2017 жылдаң еңгізілетін өзгерістеріне назарыңызды аударамыз.  

2017 жылдан бастап 2015 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Парламентімен қабылдаған «Қазақстан Республикасының  кейбір  заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:

сылақ жұмыстарын;

ағаш ұсташылығы мен шеберлігі жұмыстарын;

еденді жабу және қабырғаны қаптау жөніндегі жұмыстарды;

бояу және шынылау жұмыстарын;

такси қызметін;

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;      фотосурет саласындағы қызметті;

аударма (ауызша және жазбаша) ісін;

мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

ойын-сауық және спорт құрал-жабдықтарын прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) алуды;

бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;

өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) алуды;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

мәдениет аясындағы білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;         басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;

қосалқы білім беру қызметтерін;

өнер саласындағы қызметті;

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;       коммуникациялық жабдықты жөндеуді;

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;          шаштараз қызметтерін;

маникюрді және педикюрді;

ветеринариялық қызметтерді;

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;    музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;

үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын тізбесі белгіленген дара кәсiпкерлер қолдауға құқығы.

         Одан басқа, 2017 жылдан аталған Занымен салықтардың азайуына байланысты қосымша патент құнының есебін табыс еткен жағдайда, хронометраждық зерттеп тексерудің өткізу жояды.

Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап БД бойынша Заңымен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және кіріс туындайтын жылдың бірінші қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 8000 еселенген мөлшеріне тең сомасынан аспайтын шаруа немесе фермер қожалығы үшін АСР қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) жеке табыс салығымен салу, мұндай ұлғайту сомасы түрінде қарастырылған (СК-нің 156-бабы).

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы №373-V Заңында (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы туралы Заң) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне арналған АСР (бұдан әрі – АШТӨ арналған АСР) 70 % жеңілдікті Салық кодексінің 448-бабында белгіленген тиісті шарттар кезінде шаруа және фермер қожалықтарына қолдануға құқығы ұсынылған.

Одан басқа, Ауыл кооперациясы туралы Занымен АШТӨарналған АСР қолданылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (бұрын – селолық тұтыну кооперативтері) мына қызмет түрлері белгіленген.

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

2) өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;

3) өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және  2)-тармақшаның көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

4) осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;

5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-3) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);

6) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-4) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Ауыл кооперациясы туралы Занымен құрылымдық бөлімшелері бар және сондай АСР қолданатын басқа да заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерімен АШТӨ арналған АСР қолдануға тийым салынатын қағидаларын жою бөлігін еөзгерістер енгізуді ұсынады.