Жарияланған күні: 26.08.2016 16:49
Өзгертілген күні: 26.08.2016 17:02

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Қазақстан  Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күні мерекелеріне арнайы сурет салу сайысы және велопробег өтті.

 

         Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығымен қатар өзінің 2 жылдығын – Қазақстан  Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнін атап өтуде және осы мерекелерге арналған бірқатар іс-шаралар өткізуде.

        Бүгін 25 тамызда Департаментпен қатарынан 2 іс-шара өткізілді: Департамент қызметкерлерінің балалары арасында асфальтқа сурет салу сайысы және велопробег.

        Сурет салу сайысына әртүрлі жастағы 20 бала қатысты. Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін эксперт ретінде Никифоров атындағы Көркемдік мектебінің бейнелеу өнерінің оқытушысы А.Ю. Рерих шақырылды.

        Аталмыш сайыста келесі жеңмпаздар анықталды:

        1 орын – Кузбаева Дильназ (9 жас);

        2 орын – Морзахметов Данияр (12 жас);

        3 орын – Хамит Аяна (4 жас).

        Сайыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар балмұздақ және шырындар жүлделерін алып, өте жақсы сезімде қалды.

             

 

 

     

       Сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары да өз орындарында сурет салу жарысын өткізіп, суреттерін жеңімпаздарының жеңімпаздарды анықтау үшін Департаментке жіберген.

       Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

       1 орын – Мухамеджанова Элана (17 жас) Қостанай қаласы бойынша МКБ;

       2 орын – Герб Никита (12 жас), Қарабалық ауданы бойынша МКБ;

       3 место – Темирбек Аида (11 жас), Қостанай қаласы бойынша МКБ.

       Эксперт лайықты тағы бірнеше балалардың суреттерін белгілеп өтті: ол Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының балалары, 4 жасар Нұр Сұлтанның және 14 жасар Александрова Аннаның, Таран ауданы бойынша МКБ 14 жасар Майер Валерияның суреттері.

        Жас жеңімпаздар есте қаларлық сыйлықтармен және мадақтау қағаздарымен марапатталады.

        Екінші іс-шара Ахмет Байтұрсынов атындағы алаңда, Француз орталығы маңында Департамент қызметкерлері мен ашық велопробег өткізілді.

        

         

      

         Департаменттің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына және Қазақстан  Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне арналған іс-шаралар жоспарына «25 қайырымды іс» акциясы қосылған (қайырылымдық, мекенжайлы көмек көрсету).

         Сонымен қоса, Қостанай қаласы әкімдігінің үндеуіне сәйкес Департаменттің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясына қатысып, оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Оқу жылының қарсаңында өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға, табысы аз отбасылардың окушыларына қолдау көрсетуіне бағытталған қайырылымдық акциясына Департамент және барлық аумақтық  мемлекеттік кірістер басқармалары жыл сайын қатысады.

         Депаратментпен жылдың соңына дейін «Көңілді старт», Департаменттің бөлімшелерінде шығармашылық сайыстарын өткізу, мемлекеттік кірістер ардагерлеріне құрмет көрсету, «Қазақстан – менің туған жерім» фото сайысын және шаңғы жарысын өткізу жоспарланған.

 

 

Департаменттің баспасөз қызметі