Жарияланған күні: 12.04.2023 10:56
Өзгертілген күні: 12.04.2023 10:58

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазтұтынуодағы колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері-Шерстюк Наталья Фуатовнаның қатысуымен өтті.

Кездесудің мақсаты-студенттердің салық сауаттылығын арттыру.

Кездесуде Н.Ф. Шестюк студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып берді.

Қостанай қаласы бойынша ІІБ бас маманы Ж.Д. Тұрғанова студенттерді "е - Salyq Azamat", "e-Salyq Business", "SalyqBot" мобильді қосымшаларымен таныстырды, "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет" пилоттық жобасы, Мемлекеттік қызметтің рөлі және басқа да өзекті тақырыптар туралы айтып берді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. Іс-шараның барлық қатысушыларына жадынамалар табыс етілді.

 

                              Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы