
«Кеден» АЖ «Алдын ала хабарлау» модулі
Құрметті СЭҚ қатысушылар!
Кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру мақсатында «Кеден» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына барлық көлік түрімен әкелу болжанатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат беру модулі жүйеде сәтті жұмыс істейтін негізгі модульдің бірі болып табылады.
Кеден органдары алдын ала ақпаратты жеделдетілген ресімдеу және кедендік бақылау шараларын оңтайландыру үшін қолданады. Деректерді уақытылы беру тауарлар мен көлік құралдарының өткізу пункттеріне келуін электронды түрде тіркеуге және барлық рәсімдерден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
«Кеден» АЖ-да жұмыс істеу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушысына:
• Интернетке кіру;
• ЖСН/БСН (егер шетелдік тұлға ҚР заңнамасына сәйкес БСН және қазақстандық ЭЦК алуы тиіс)
• ЭЦҚ (жеке/ЗТ қызметкерінің);
• NCALayer жаңартылған нұсқасы(орнатылған және іске қосылған).
Жүйеге тіркелу үшін пайдаланушы браузерде «Кеден» АЖ URL мекен-жайы бойынша өтуі керек - https://keden.kgd.gov.kz ал басты бетте "Тіркелу" түймесін басыңыз.
Ашылған тіркеу терезесінде пайдаланушы міндетті өрістерді толтырып, келісім беріп, қол қоюы керек.
Тіркеуді аяқтау үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына алынған хатты ашу қажет. Алынған хатта «электрондық пошта мекенжайын растау» түймесін басыңыз
Жүйеде автомобиль көлігімен тауарларды өткізу кезінде адын ала ақпаратты толтыру және тіркеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық https://keden.kgd.gov.kz порталдың басты бетінде орналыстырылған.
Кедендік бақылау басқармасы