Жарияланған күні: 28.08.2024 17:39
Өзгертілген күні: 28.08.2024 17:40

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Кеден" жаңа кедендік ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша іс-шаралар өткізеді, оның функционалдығы кедендік декларациялау және кедендік әкімшілендіру кезінде пайдаланылатын болады.

Кезең-кезеңімен "Кеден" АЖ-ға "АСТАНА-1" және "экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе"қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің функциясы көшірілетін болады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап экспресс-жүктерге арналған тауарларға арналған декларация және экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясы арқылы экспресс-жүктерді декларациялау модулі пилоттық режимде іске қосылды.

"Кеден" АЖ функциясын іске асырудың келесі кезеңі алдын ала ақпараттандыру, кедендік транзит, тауарларды уақытша сақтау, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді тіркеу, интеграцияланған бақылауды жүргізу және т. б. бойынша кедендік операцияларды жасауға байланысты модульдерді іске қосу болып табылады.

Аталған функцияны іске қосу ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен басталады деп жоспарлануда.

Сіз "Кеден" АЖ жүйесінің нұсқауларымен және пайдаланушы нұсқаулығымен "нұсқаулар" бөлімінде таныса аласыз keden.kgd.gov.kz.