Жарияланған күні: 25.05.2018 18:33
Өзгертілген күні: 25.05.2018 18:35

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы, егер «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  91, 194, 195, 196, 223, 257 және 387-баптарына сәйкес өзгеше белгіленбесе, көрсетілген баптарда көзделген, сондай-ақ белгіленген жағдайларда қамтамасыз етіледі.

1) уәкілетті экономикалық операторлар декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, тауарларды кеден қоймасына іс жүзінде орналастырмай, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру;

2) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды баламалы тауарлармен алмастыру;

3) уәкілетті экономикалық оператор декларант ретінде әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi кедендiк декларациялау;

4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның өтініші бойынша тауарларды орындарға уақытша сақтауға орналастыру;

5) осы Кодекстің 397-бабына сәйкес ұсынылған құжаттардың тиісті түрде ресімделмеу және (немесе) анық емес мәліметтерді қамту белгілерін анықтау жағдайларында да қамтамасыз етiледi.

Кодекстің 97-бабына сәйкес, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің    тәсілі бар:

      1) ақша;

      2) банк кепілдігі;

      3) кепілгерлік;

      4) мүлік кепілі;

      5) сақтандыру шарты тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.

Осы Кодекстің осы бабына, 226-бабына және 370-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданбай, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы негізге алына отырып айқындалады.

Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл ақпараттың болмауына байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуге жататын сомасын дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), пайдаланылу тәртібін Комиссия айқындайтын қолда бар мәліметтердің негізінде айқындала алатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасы негізге алына отырып айқындалады.

 

 

Тарифтік реттеу және

пост-кедендік бақылау басқармасы