Жарияланған күні: 07.10.2016 17:54
Өзгертілген күні: 07.10.2016 17:55

Пресс-релиз

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 432-V Заңымен  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа жататын «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Кодекстің 19-тарауына «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ «Камералдық кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу» 220-1-бабымен, «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі» 221-2-бабымен толықтырылды, «Көшпелі кедендік тексеру нәтижелерін ресімдеу және оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау» 221-1-бабына өзгерістер енгізілді.

Біз білетіндей, Кодекстің 188-бабына сәйкес кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы кедендік бақылау жүргізеді. Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіпте жүргізіледі.

Кодекстің 211-бабына сәйкес кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.

Кедендік тексеру камералдық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады. Кедендік тексеру нәтижелері және кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 18 және 24-тарауларында айқындалады.

2015 жылғы қаңтардан бастап кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі.

Бұл ретте, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, тексерілетін тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады, алайда Кодекстін нормаларына сілтеме болған жоқ. Кодексте тек ғана кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаларға шағымдану тәртібі көзделген.

Алайда, енгізілген өзгерістер қоса алғанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Кодекстің 19-тарауы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібін реттейді, мұнда жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекетті кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) шағымды беру және оны қарау тәртібі, қандай мерзімде шағым берілетіні, шағымда не көрсету керек екені, шағымға қандай құжаттар қоса берілу керек екені ескерілген.

Бұрын Кодекстің 19-тараумен көзделген кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымдану сілтемесі алынып тасталды.

Егер бұрын сотқа кез келген уақытта, соның ішінде  Комитетке шағымдану барысында да жүгінуге мүмкін болса, бүгін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Азаматтық іс жүргізу кодексін ескере отырып, жоғары тұрған органның өтінішті қарауы заңда белгіленген жағдайларда азаматтың және заңды тұлғаның өтініші жүгінудің осындай тәртібі сақталғаннан кейін сотқа беріледі.

Осылайша, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдану бойынша сотқа жүгіну алдында сотқа дейінгі шағымдану дәрежесінен өту, яғни Комитетке жүгіну міндетті шарт болып табылады.