
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы Заңда айқындалатын және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 20 000 еселенген мөлшерінде белгіленген.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК 3 063 теңгені құрады, демек, ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі шек енді 61 260 000 теңгеге тең.
2021 жылы шекті мән АЕК-тің 30 000 еселенген мөлшерін құрады, тиісінше ҚҚС бойынша есепке қою үшін ең төменгі шек 87 510 000 теңгеге тең болды.
Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы