Жарияланған күні: 01.08.2024 16:41
Өзгертілген күні: 01.08.2024 16:43

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта салық төлеушілер тиісті растаусыз өзге құжаттар бойынша ҚҚС сомаларын заңсыз қосатын және сатып алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша шегерімдерді асыра көрсететін жағдайлар бар екенін хабарлайды.
Салық кодексі ҚҚС бойынша есепке жатқызуға және КТС бойынша шегерімдерге қажетті құжаттардың толық тізбесін белгілейді. Мұндай құжаттарға шот-фактуралар, жол жүру құжаттары, тауарларды әкелу туралы декларациялар немесе өтініштер, резидент еместен алынған жұмыстар мен қызметтердің сомалары, тауарлардың қалдықтары және БКМ чектері жатады.
Алайда, белгіленген нормаларға қарамастан, кейбір салық төлеушілер салық төлеуден жалтарудың әртүрлі әдістеріне жүгінеді. Мұндай әдістердің қатарына шығыстарды бір санаттан екінші санатқа ауыстыру немесе жоқ шығыстарды көрсету жатады.
Осыған байланысты, Комитет салық төлеушілерді салық заңнамасын сақтауға және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады, өйткені бұл салықтық бақылаудың әртүрлі нысандарына және салықтық тексерулерге әкелуі мүмкін.