
Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлерімен, жеке сот орындаушыларымен және Полиция басқармасымен бірлесіп, 2025 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында көлік құралдарына қатысты салықтық берешекті өндіру бойынша апта сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде 67 жеке тұлғадан көлік құралдарына салынатын салық түрінде 1 587,4 мың теңге өндірілді.
Туындауы мүмкін жағымсыз жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік салығын салықтық бұйрық шыққанға дейін уақтылы төлеу қажеттігін ескертеміз.
Арқалық қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы