Жарияланған күні: 25.11.2022 16:55
Өзгертілген күні: 25.11.2022 16:56

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығы бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға қысқа уақытта берешекті төлеудің қажеттілігін төлеуді сұрайды!!!

Көлік иелерінің мемлекеттік кірістер органдарына жүгінбей-ақ өздігінен берешекті қарауға мүмкіндіктері бар.

Бұл үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет» бөліміне кіру қажет, сонымен қатар e-salyq Azamat мобильді қосымшасындағы – «Барлық сервистер» бөліміне, одан әрі «Салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешектер туралы сервис» бөліміне кіріп те қарауға болады.

еGov.kz порталында ЭСК кілтпен қол қоюды және авторизациялауды қажет етпейтін барлық салықтар мен бюджетке міндетті басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша қызмет түрі бар. еGov.kz порталында төлем жасау үшін «Салықтар және қаржылар» - «Төлемдер» - «Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдерді төлеу» бөлімдеріне өтіп, қызметке тапсырыс беріп «Онлайн төлемге» басу қажет. Салық төлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органдарының атауын, төлемнің сомасын, бюджеттік классификацияның кодын енгізгеннен кейін салықты төлеудің бөліміне кіруді жүйе автоматты түрде ұсынады.

Барлы процедураны аяқтағаннан кейін төлеу фактісін растайтын электронды түбіртек берілетін болады.

Сонымен бірге, салықтарды төлеуді e-salyq Azamat мобильді қосымша арқылы,  Қазпошта және ЕДБ-дің бөлімшелерінде, сонымен қатар ЕДБ-дің мобильді қосымшалары (halyk және kaspi) арқылы жүргізуге болады.

Жеке тұлғалар салықты тұрғылықты жері бойынша төлейтінін және көлік құралына нақты иелік еткен кезеңге және көлік есептен шығарылған айдың 1-не дейін өздігінен есептелетініне Сіздердің назарларыңызды аударамыз.

Осылайша, көлік құралын емептен шығару бойынша тіркеу әрекеттерін жүзеге асырғанда, салықтың сомасын көлік құралына нақты иелік еткен кезеңге көлік құралының иесі өзі есептейді  және Салық кодексімен бекітілген тәртіпте жоғарыда аталған әрекетке дейін жасайды.

Мысалы, Сіз көлікті 10.03.2022ж. есептен шығаруды шештіңіз делік. Мұндай жағдайда, өткен кезеңдер үшін берешек болса, сол бар берешекті төлеу қажет, сонымен қатар 2022 жылдың 2 айына ағымдағы төлемдерді төлеу қажет.

Салықтарды уақытылы төлемеген жағдайда рефинансированияның ресми ставкасы – 1,25 есе мөлшерінде өсімақы есептелетін болады.

Одан әрі, «жеке тұлғаның салықтық берешегі» туралы хабарлама қойылады, хабарлама орындалмаған жағдайда ҚР Салық кодексіне сәйкес «Жеке тұлғаның берешегін өндірі алу туралы салықтық бұйрық» жолданатын болады.

Жеке тұлғаның берешегін өндірі алу туралы салықтық бұйрықты ерікті түрде орындамаған жағдайда, іс, мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушысына беріледі. Сонымен бірге, салықтар бойынша берешекті төлегеннен кейін, борышкер, өндірілген сомадан 25 пайызға дейін мөлшерде сот орындаушыларының қызметін төлеуге міндетті болады.

Салықтық міндетін орындау, Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті мен борышы болып табылады.

Қостанай облысы бойынша 135 128 көлік иелеріне 187 003 көлік құралы тіркелген.

Сонымен бірге, 24.11.2022 ж. текті жағдай бойынша 6405 салық төлеушінің  107 млн. теңге сомасында көлік құралдарының салығына берешегі бар.

Ағымдағы жылдың басынан бастап,әділет департаментімен бірге жеке сот орындаушыларымен  көлік құралының салығы бойынша 18 борышкерге қатысты әкімшілік істер толтырылып сотқа берілді.

Оның ішінде:

  • бір тәуліктен 5 тәулікке дейін қамау түрінде – 12 борышкер
  • берешекті толық өтегенге дейін жүргізу көлігі уақытша алу түрінде – 3 борышкер
  • әкімшілік айыппұл салу түрінде – 3 борышкер әкімшілік жауапкершілікке сотпен тартылды.
  • Бұл бағытта жұмыс әлі де жалғасуда!!!