
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу үшін, тарату негізі бойынша:
1 Қадам: Құрылтайшының шешімі, құрылтайшылар саны біреуден көп болған кезде жалпы жиналыстың хаттамасы;
2 Қадам: Заңды тұлғаны жою туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның құрылтайшысы, тіркелген жері бойынша дереу түрде жазбаша немесе интернет-ресурс арқылы электрондық қолтаңбаны пайдаланып «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшелеріне, заңды тұлғаны тіркейтін, мемлекеттік кіріс органдарына хабарлауға міндетті.
3 Қадам: Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында заңды тұлғаны тарату туралы ақпарат орналастырылып, кредиторлардың шағымдарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай күту қажет.
4 Қадам: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 58, 59 баптарына сәйкес салық міндеттемелерін орындау бойынша орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жгіну қажет.
Назар аударыңыз!
Тіркеу органы заңды тұлғаны жоюды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешімді келесі жағдайларда шығарады:
- заңды тұлғаныың қызметін тоқтату тәртібі бұзғанда;
- заңды тұлғаның филиалы (өілдігі) тіркеу есебінен шығарылмағанда;
- мемлекеттік кірістер оргнадарында жүргізілетін есеп бойынша берешегі болғанда;
- мемлекеттік кірістер органдарымен берешегі туралы мәлімет беруден бас тартқанда;
- заңды тұлғаныың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 58, 59 баптары бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда.
5 Қадам: Тарату туралы есепті тапсырғаннан кейін және заңды тұлғаны тарату туралы ақпарат жарияланған күннен бастап екі ай өткесін заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге болады, «Бизнеске», «Бизнесті тіркеу және дамыту», «Бизнесті тіркеу және тарату» бөліміне кіру, «Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден шығару» қызметін таңдап:
- құрылтайшының шешімі немесе жалпы жиналыстың хаттамасы, заңды тұлғаның мөрімен бекітілген;
- Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында заңды тұлғаны тарату туралы басылымы, бекіту қажет;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, қызметті тоқтатуды мемлекеттік тіркегені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға электроныдқ үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жасау керек.
6 Қадам: Өтінм берілген күннен бастап 5 жұмыс күні өткен саң, жеке кабинетте өтініштің күйін тексеріңіз және мемлекеттік қызметтің нәтижесі бойынша мәлімет алу үшін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының аумақтық бөлімдеріне жүгінуге немесе 990909-45-232, 990909-45-176, 8-7142-54-48-47 телефондары бойынша қоңырау шалуға болады.