
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы консалтингтік ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ақпарат беру болып табылады.
Қатысушыларға арнайы салық режимдерін қолдану жағдайындағы өзгерістер, дивидендтерге салық салу, камералдық бақылау бойынша өзгерістер, салықтық тексерулер жүргізу және т. б. туралы айтылды.
Дөңгелек үстел барысында консалтингтік ұйымдардың өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Іс-шараның барлық қатысушыларына жадынамалар табыс етілді.
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы